Павлодар тұрғындары түйткілді мәселелерді WhatsApp арқылы әкімге тікелей хабарлай алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар тұрғындары түйткілді мәселелерді WhatsApp арқылы әкімге тікелей хабарлай алатын болды

Павлодар тұрғындары түйткілді мәселелерді WhatsApp арқылы әкімге тікелей хабарлай алатын болды

Павлодар қаласының тұрғындары қаланың көркіне қатысты түйткілді мәселелер - көшенің санитарлық жағдайы,

  • 2 Қараша 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz


коммуналдық қызметкерлердің жұмысы туралы немесе асфальт бұзылған жағдайда +7 775-383-18-51 нөмірі арқылы WhatsApp қосымшасының көмегімен қала әкіміне тікелей хабарлай алады.

Фотосуреттер мен бейнежазбаларды әкім өзі қадағалап, шұғыл түрде шаралар қолданатын болады. Қажет болған жағдайда көрсетілген орындарға өзі барады.   

— Өзімнің орынбасарларыммен және ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларымен қаланы аралап тексереміз. Өкінішке қарай, көшелердің барлығына барып, аулаларды қарап, тұрғындармен сөйлесу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан бұл бастама қаламызды одан әрі көріктендіруге атсалысады деп есептеймін, — деді қала әкімі Болат Бақауов.