Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Ажар Хабиева хабарлады.
Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады. Байқау шарты бойынша жолаушы стансада, вагонда, метроға кіреберісте селфи жасап, kag@metroalmaty.kz электронды адресіне жолдауы керек.
Ең үздік жұмыстың авторын сайтты пайдаланушылар таңдайды. Жеңімпаз «Метрополитен» басшылығынан арнайы сыйлыққа ие болады. Байқау қарашаның 2-сінен 30-ына дейін жалғасады.