Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасы 20 мен 28 аралығындағы азаматтар жергілікті жердің тұрғындары болып шықты. Олар қылмысын мойындап, қаруды лақтырып тастаған жерді көрсетті.
Бұған дейін хабарланғандай, 27-қазан күні 41 жастағы ауыл тұрғынының үйіне баса көктеп кірген қылмыскерлер алдымен итті, содан соң үй иесін атып тастаған. Содан соң үйде жатқан 17 мың теңгені алып із суытады. Үй иесі ауруханада көз жұмды.