«ҚазАвтоЖол» венгрлік әріптестермен Ақылы жолдар стратегиясын әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАвтоЖол» венгрлік әріптестермен Ақылы жолдар стратегиясын әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде

«ҚазАвтоЖол» венгрлік әріптестермен Ақылы жолдар стратегиясын әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басшылығы «TOLL SERVICE PLC» венгрлік компаниясы өкілдерімен кездесіп,

  • 3 Қараша 2015
  • 515
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда Кешенді ақылы жолдар стратегиясын әзірлеу мәселелерін талқылады. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан мен Мажарстан республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына жаңа ақылы жүйе енгізу үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойған болатын. «ҚазАвтоЖол» АҚ делегациясы Будапештке барған сапар аясында венгрлік технологияны Қазақстанға енгізу және ақылы жолдарды электрондық жүйе арқылы басқару тәжірибесін меңгеруді көздеген аталған құжатқа қол қойды.

Өткен аптада «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басшылығы «TOLL SERVICE PLC» венгрлік компаниясы өкілдерімен кездесті. Кездесуде «ҚазАвтоЖол» өкілдері ҚР-да ақылы стратегияны әзірлеу барысында тәуелсіз сарапшы ретінде венгр компаниясын тарту мүмкіншіліктерін қарастыратынын атап айтты.

Өз кезегінде, Кешенді ақылы стратегияны ҚР-да әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк несиелерінен қаражат қарастырылған. Кездесу нәтижесінде «Toll Service PLC» өкілдері Қазақстанға ақылы жүйе енгізу үшін әлемдік әзірлеушілердің ең жақсы ұсыныстарын дайындауға ниет білдірді.


Айта кетсек, қазіргі таңда Үкіметтің шешімі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жергілікті қаражат есебінен 2 учаскеге ақылы жүйе енгізуді, сондай-ақ Астана-Щучье автожолындағы іске қосылған ақылы жүйені жаңғыртуды жоспарлауда.

Ақылы стратегия аяқталғаннан кейін «ҚазАвтоЖол» республикалық маңыздағы автокөлік жолдарында ақылы жүйені дамыту және стратегиялық әріптестерді тарту бойынша өз жұмысын жалғастырады.