Алматыда педофил 11 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда педофил 11 жылға сотталды

Алматыда педофил 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында

  • 3 Қараша 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz

ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-бөлігі 3- тармағымен айыпталған азамат О-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.

Сот үкіміне сәйкес азамат О. 19.08.2015 жылы түнгі сағат 3:30-да үйдің ауласында көрінеу кәмелетке толмаған  Т.-ны көріп, 2001 жылы туған Т.-ға күш қолдана отырып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға бағытталған қылмыстық ойын жүзеге асырайын деп жатқан кезде, кәмелетке толмаған қыздың анасы жәбірленушіні іздеп келе жатқан даусын естіп, қылмыстық іс әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізе алмай, қылмыс орнынан бой тасалайды.

Сот үкімімен азамат  О. ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған аталған баппен білім беру және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.