Әйгілі Букингем сарайында Назарбаевқа ерекше құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі Букингем сарайында Назарбаевқа ерекше құрмет көрсетілді

Әйгілі Букингем сарайында Назарбаевқа ерекше құрмет көрсетілді

Британ монархы Нұрсұлтан Назарбаевты патша сарайының барлық сән-салтанатымен қарсы алды. Букингем сарайында қазақ президентіне ерекше құрмет көрсетілді.

  • 6 Қараша 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Елбасыны патшайымның өзі есік алдынан күтіп алды. Мемлекет басшысы кілең тақ мұрагерлері жиналған салтанатты жиынға премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваны ерте келген. Ал президенттің құрметіне патша сарайының гвардиясы сап түзеп, қазақ әнұраны шырқалды. Тіпті қарауыл рапортты қазақ тілінде баяндаған. Назарбаев Елизавета патшайымға Ұлыбритания Үкіметімен келісілген ауқымды экономикалық жобалары туралы айтып берді. Тұманды альбионнан кейін Елбасының сапары Францияда жалғасты. Осы сағаттарда Елисей сарайында президент Франсуа Олландпен келіссөз жүргізіп жатыр.