Оралда жаңа туған сәбиін далаға лақтырған келіншек сұмдық әрекетін түсіндіре алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жаңа туған сәбиін далаға лақтырған келіншек сұмдық әрекетін түсіндіре алмады

Оралда жаңа туған сәбиін далаға лақтырған келіншек сұмдық әрекетін түсіндіре алмады

Оралда өмірге келгеніне небары 5 күн болған ер баланы анасы пакетке салып, гараждардың арасына тастап кеткен. Суықта жатып қалған нәрестені кездейсоқ адамдар көріп қалып, тиісті орындарға хабарлапты.

  • 6 Қараша 2015
  • 1246
Фото - Caravan.kz

Құрсағында 9 ай көтеріп, дүниеге әкелген анасына керек болмаған мына шақалақты қазір мейірбикелер қолдарынан түсірмейді. Сәбидің  денсаулығында айтарлықтай кінәрат жоқ. Бірақ, сыз жерде жатып қалғандықтан, салқын тиген. Полицейлерге 21 жастағы көкек ананы табу қиынға түспеді. Өйткені пакетке баламен бірге барлық мәлімет жазылған перзентхананың тілдей қағазы салыныпты. Бірақ мекемеден шыға сала, гараждардың арасына өз нәрестесін неге тастай қашқанын келіншек түсіндіре алмады. Тасбауыр анаға айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 3 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал періштесі қағып,аман қалған шақалықтың ендігі тағдырын қамқоршылық органдары шешпек.

Гүлсім Жұмағалиева,  БҚО балалар ауруханасының неонатолог дәрігері:

-Тамағын жақсы ішеді. Салмағын қосып жатыр. Үлкен-кіші дәреті болып жатыр. Кеше түскенде температурасы 36,3 болған, баланы жылытып, әлпештеп, осылай бағып отырмыз.