ОПЕК 2019 жылға дейін өз мұнайына деген сұраныс төмендейді деп болжап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОПЕК 2019 жылға дейін өз мұнайына деген сұраныс төмендейді деп болжап отыр

ОПЕК 2019 жылға дейін өз мұнайына деген сұраныс төмендейді деп болжап отыр

ОПЕК алдағы жылдары өз мұнайына деген сұраныстың төмендеуін болжап отыр, делінген ұйымның ішкі жасырын баяндамасында, деп хабарлады Рейтер.

  • 6 Қараша 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz

Баяндамада 2019 жылға дейін сұраныстың аздап төмендеуі болжанған. Ал ОПЕК елдерінде өндірілетін мұнайдың жылдық орташа бағасы, ұйымның есебінше, ағымдағы жылы бір баррель үшін  $55 құрап,   жылына $5 қымбаттап,  2020 жылы құны $80 жетеді.

ОПЕК тәулігіне 30 миллион баррель өндіру шектеуін қойды. Алайда нақты өндіріс бұл көрсеткіштен асады. Ұйым 4 желтоқсанда өтетін кеңесте мұнай өндіру саясатын талқылайды.

Баяндамада 2020 жылдан кейін қатпарлы мұнай және газконденсатты сұйықтық өнімінің қысқаруы есебінен ОПЕК-тің нарықтық үлесі мен өндірісі ұлғаяды деп болжанған.  


Перейти к новостям спорта