Жамбыл облысында тура кабинетінде пара алған мектеп директоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында тура кабинетінде пара алған  мектеп директоры ұсталды

Жамбыл облысында тура кабинетінде пара алған мектеп директоры ұсталды

Жамбыл облысының Меркі ауданында мектеп директоры парамен ұсталды. Білім ошағының басшысы өз кабинетінде 150 мың теңге алып жатқанда, қолына кісен салынған.

  • 7 Қараша 2015
  • 668
Фото - Caravan.kz

-Ақшада көріп тұрсыздар ғой қандай бояудың барын.?

-Жасыл сары түсті. Жеке бумада тұрған ақша.

Директор жергілікті тұрғынды жұмысқа алу үшін осыншама ақша талап етіпті. Алайда, арам ойы жүзеге аспады. Қызметке құн сұраған басшы енді заң алдында жауап береді. Орынбасарының да былығы ашылып жатыр. Одан 130 мың теңге тәркіленіп, тағы 1 жарым млн. теңгеге жуық ақша жинап берулері тиіс мұғалімдердің тізімі табылған. Күдіктінің айтуынша, қомақты қаржыны білім сапасын бақылау департаментінен келген комиссияға бермек болыпты. Қазір осы деректің жай-жапсары анықталуда. Ал директор қазір қамауда отыр.