Күш негізінен министрлер мен шенеуніктер жүретін Есілдің сол жағалауына жұмылдырылған. Техника атаулыға тыным жоқ. Қолдарына күрек ұстаған қар тазалаушылар дамыл таппады. Тонна-тонна қар қала сыртындағы полигонға төгілуде. Биыл коммуналдық қызмет Канададан 3 қар еріту қондырғысын алыпты. Десек те соның біреуі ғана жолдарды қардан аршуға жұмылдырылған. Қалғандары жақын арада іске қосылмақ. Былтыр Елорданы қардан тазартып үлгермеген әкімдік сынның астында қалған. Шенеуніктер биыл ондай келеңсіздіктің қайталанбайтынына сендірді.
Темір Әбжанов, Астана қалалық Коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Техника бойынша бүгін 483 техника бүгін жұмыс істеп жатыр. Адамдардың саны 1500-ден астам. Бізде қазір қалада где-то 800 техникасы бар. Олар бүгін білесіз ғой қар көп емес. Қар көп болса, бүкіл техника шығады.