Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды

Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды

Ақмола облысының Аршалы ауданында Қырғызстан азаматтары отырған жолаушылар автобусынан ақау шығып,  54 адам (оның ішінде 6 бала) қауіпсіз жерге жеткізілді.

  • 10 Қараша 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай бүгін түнде 03:56 минут шамасында Аршалы ауданы арқылы өтетін «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 25 шақырымында орын алған. Қырғызстан Республикасының Ош қаласынан Мәскеуге бағыт алған «Mercedes-Bens» автобусынан ақау шығып тоқтап қалған. Осыған байланысты құтқару жұмыстарына Астанадағы «№ 1Автобус паркі» АҚ-ның автобусы жіберіліп,  сынған автобуста отырған 54 адам (6 бала) жолаушыны Астана теміржолы вокзалына жеткізді.  Жолаушылардың барлығы — Қырғыз Республикасының азаматтары. Зардап шеккендер жоқ», деп көрсетілген хабарламада.