Алматыда жеке меншік үй өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке меншік үй өртке оранды

Алматыда жеке меншік үй өртке оранды

Алматыда Наурызбай ауданындағы жеке меншік үй өртке оранды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова айтты. 

  • 10 Қараша 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz


Төтенше жағдай туралы таңғы 4:41-де хабарланған.Тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты зақымдап үлгерді. Жеке құрамның 5 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылып, таңғы 6:30-да өрт сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ. Адамдар далаға шығып үлгерген. 
Төтенше жағдайдың шығу себептерін анықталып жатыр. 
Айта кету керек, Алматыда таңнан бері 3 өрт ошағы сөндірілд. Олардың алғашқысы, Бостандық ауданында Жароков пен Өтепов көшелерінің қиылысындағы құрылысы аяқталмаған 12 қабатты үйдің жанындағы қосымша құрылыс нысанынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама 9:46-да түскен. 
Өрт аумағы 16 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер 10:28-де тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. 
10:30-да Полежаев, 30 мекен жайындағы қос қабатты үйден өрт шыққан. Өрт сөндірушіледің айтуынша, үйдегі жеке заттар өртке оранған.
Сондай-ақ, Көкқайнардағы «Атамұра» орталығында еден өртенген. Тілсіз жауды қызметкерлер өрт сөндірушілер келгенше сөндіріп үлгерген.