Қытайда жасалған робот Гиннестің рекордын жаңартты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жасалған робот Гиннестің рекордын жаңартты (ВИДЕО)

Қытайда жасалған робот Гиннестің рекордын жаңартты (ВИДЕО)

Қытайда жасалған Xingzhe No.1  атты төрт аяқты робот квадроподтарға арналған қашықтық бойынша Гиннестің жаңа рекордын орнатты.

  • 10 Қараша 2015
  • 555
Фото - Caravan.kz

Роботты Чунцин университетіндегі Автоматтандыру мектебінің зерттеушілері жаңа әлемдік рекордты орнату мақсатымен жасаған, деп жазады epochtimes.ru.

Аккумулятор батареясының бір қуатталуымен Xingzhe No.1 54 сағат, 34 минутта 360 мыңға жуық қадам жасап, 134 шақырым жолдан өтті. Робот жаңа рекордты 2015 жылдың 24 қазанында орнатқан.