Британияда сиыр ең қауіпті жануар болып танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британияда сиыр ең қауіпті жануар болып танылды

Британияда сиыр ең қауіпті жануар болып танылды

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы басқармасы сиырларды ең қауіпті жануар деп таныды.

  • 10 Қараша 2015
  • 795
Фото - Caravan.kz


Ірі қара малдың осы түрі британдықтардың өміріне жиі қауіп төндіруде және көбіне ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері олардың құрбаны болуда деп хабарлайды 24.kz Independent басылымына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, соңғы 15 жылда 74 адамды сиыр сүзіп өлтірген. Салыстырар болсақ, соңғы 8 жылда 17 адамды ит қауып, мерт қылған. Сол себепті шаруа қожалықтарындағы сиырлар мен бұқаларды жұрттан алыс жерлерге мықтап байлау сұралды.