«26 қазанда Рабочий кентінде Петропавл қ. ІІБ 2-бөлімінің полицейлері құжаты жоқ әйелді анықтады. Ол тұрғылықты жерін, өзінің кім екенін айта алмады. Мән-жайды анықтау үшін ол Петропавл қ. ІІБ тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларға арналған қабылдаушы-бөлуші бөліміне орналастырылды», — делінген хабарламада.
Осы бөлімшенің қызметкерлері таяу орналасқан дүкендер, ПИК-ті аралап шықты, алайда Рабочий кентінде оны ешкім танымайтын болып шықты.
Бөлім бастығы орынбасарының айтуынша, әйел аты-жөнін әр кезде әр қалай айтады, соңғысы Глухова Евгения Валерьевна (15.12.1952 ж.). Ал дерекқорда мұндай есім жоқ. Әйел есте сақтау қабілетінен айырылған.
Бұл әйелге қатысты қандай да бір ақпарат болса, біреу танып не туыс-таныстары табылып жатса, полицейлер мына телефондарға хабарласуды өтінеді: 52-92-89, 52-92- 99, 52-95-00.