Қарағанды облысында 25 жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрт шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 25 жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрт шу шығарды

Қарағанды облысында 25 жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрт шу шығарды

Қарағанды облысындағы Саяқ кенті 90-шы жылдардан бері ауыз судан тапшылык көріп келеді. Балқаш қаласынан тартылған құбырлардың ескіруінен қазір 4 мыңға жуық тұрғыны бар елді-мекенге тіршілік нәрі күніне бір сағатқа ғана беріледі. Ал құбыр жарылса, айлап кенеземіз кепкен кездер болды дейді тұрғындар. Жарты ғасыр бұрын кен орнының жанында түзілген кенттен онсыз да халықтың 3-тен екісі үдере көшкен.

  • 12 Қараша 2015
  • 309
Фото - Caravan.kz

Кентте 35 жылдан бері тұратын Кашколар отбасының судың жоқтығына еттері үйренген. Кешкі сағат 6-да краннан тіршілік нәрі жылт етсе, шелегін ала жүгіруге дағдыланған бұл отбасы ғана емес. Саяқтағылардың бәрі судың сұрауы бар екенін әбден түйсінген. 

Татьяна Кашко, Саяқ кентінің тұрғыны:

-Ваннаға су толтырып, ең бірінші кенже қызды шомылдарамын. Одан кейін ұлды сол суға түсіремін. Кейін мен шомылсам, ең соңғы болып жолдасым түседі сол суға.

Тұрғындарды тығырыққа тіреген тағы бір мәселе – жол. Балқашқа жайдақ жолмен автокөлік жазда ғана жүре алады. Қыста жұрт теміржолға телміреді. Оның өзінде күніне бір рет төбе көрсететін жалғыз вагонға сыя алсаңыз, сапардың сәтті болғаны. Ауыл ақсақалы Амангелді Әбдіхалықұлы 2 кен орны қарқынды жұмыс істеп жатқан жердің болашағы зор екенін айтудан жалыққан емес. Бірақ қолындағы екі бума қағаз – биліктің барлық тетігінен келген нәтижесі жоқ жауаптар.

Амангелді Әбдіхалықұлы Саяқ кентінің тұрғыны: 

-Бізде алтын да бар, мыс та бар, көмір де бар осыдан 50 шақырым жерде. Міне осындай байлықтың үстінде отырып суға жарымай отырғанымызға халық наразы. Ақшасы көп екен, қымбат екен. 17 миллиардқа дейін кетіп қапты. Оған біздің шамамыз жетпейді деді.

-Балқаш қаласы мен Саяқ ауылының арасындағы 200 шақырымдық су құбыры мына сары далада төселіп жатыр. Жарты ғасыр жер астында жатқан құбырлардың іріп шіри бастағаны айтпаса да түсінікті. Әсіресе екі аралықтағы 25 шақырымдық сортаң жер металлды жегідей жеп жатқан көрінеді. Осы жаздың өзінде ақ, жөндеу бригадасы құбырларды 50 жерін жамап жасқапты.

Саяқтағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешу қазір мүмкін емес дейді биліктегілер. Кенттегі жер байлығын қазып отырған «Қазақмыс» былтыр жаңа су құбырларының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 100 мың доллар бөлген екен. Алайда іс сол күйі қағаз жүзінде қалған.

Кенжегүл Орынтаева, Саяқ кенті әкімінің орынбасары:

-Республика бойынша қаражат бөліп, өзіміздің алып отырған су құбырымызды ремонттап жөндеп берсе. Өздерінің әлгі жыл сайын ақша бөліп әр жерден ең жақын жерлерін жөндеп берсе, соны қалдырған дұрыс деп ойлаймын өзім

Кешеге дейін кеніштің балансында болған мына клубтың қабырғасы қақырап, төбесінен су ағып тұр. Бұл да жығылғанға жұдырық болды. Әбден қажыған халық пайдалы қазбалардың 100 жылдық қоры бар жерде тұрған ауылға жоғары биліктің назары ауса дейді.