Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

12 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі сақталады,

  • 12 Қараша 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz


тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.