Ғалымдар бала тәрбиесінде ананың сарқылмас төзімі қайдан келетінін анықтауға тырысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар бала тәрбиесінде ананың сарқылмас төзімі қайдан келетінін анықтауға тырысты

Ғалымдар бала тәрбиесінде ананың сарқылмас төзімі қайдан келетінін анықтауға тырысты

Балаларының өсіп, жетілуі үшін ана қолынан келгеннің бәрін жасауға әзір.

  • 12 Қараша 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz


Аризона (The University of Arizona) университетінің зерттеушілері әйел адамға тән осы шыдамдылық пен балаға деген махаббаттың құдіретті күші қайдан келетінін іздеп көрді. Тәжірибелік зерттеуге орта және жоғары білімі бар 2000-нан астам ана қатысты, деп жазады «Prothom Alo». 

Олардан ең бастысы ана міндетін атқару үшін, шаршамай, талмай қызмет ететін күш-жігер қайдан даритыны сұралды. Зерттеу қорытындысында сауалнамаға жауап берген әйелдердің негізгі ойлары іріктеліп, қорытынды жасау үшін басты назарға алынды. 
«Мұнда жеті фактордың төртеуіне басымдық берілді: анасының балаға қатысты не нәрсені болсын шын жүрегімен қабылдауы, сабыр, қарым-қатынаста шынайы болуы, дос тұта білуі болды. Осы қасиеттің арқасында аналар өмірдің күрделі кезеңінде сабырлылық сақтай білген», делінген мәлімдемеде.
Зерттеу авторлары, сондай-ақ бала тәрбиесінде ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қатынасты маңызды деп есептейді. Алайда, ғалымдар ол әйелдің балаға деген махаббатын айқындаушы фактор емес дейді. Дегенмен, сұралған әйелдердің дені қолдау мен түсіністікпен қарауға мұқтаж болғанын жеткізген.