Жаңа жылды тойлауға асыққан Өскемен әкімдігі елден бұрын шырша орнатып үлгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылды тойлауға асыққан Өскемен әкімдігі елден бұрын шырша орнатып үлгерді

Жаңа жылды тойлауға асыққан Өскемен әкімдігі елден бұрын шырша орнатып үлгерді

Шығыс Қазақстандық шенеуніктер «Нұр Отанның» бастамасын елеген де жоқ. Билік партиясының жаңа басшылары Тәуелсіздік күніне дейін жаңа жыл мерекесін қоя тұруды өтінген. Алайда Өскемен әкімдігі елден бұрын шырша безендіріп әлекке түсіп жатыр.

  • 13 Қараша 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

Желтоқсан болмай жанығып жатқан жергілікті шенділер жасыл шыршаны орманнан тікелей алдыртқан. Биікті 25 метрге жететін жүз жылдық ағаш орталық алаңға орнатылды. Оған қазынадан ешқандай ақша жұмсалмады деп сендірді атқамінерлер. Ал жаңа жылға дейін тойланатын Тәуелсіздік күнін мұндағылар мүлдем ұмыт қалдырған сыңайлы. Ең басты мерекеге әзірлік туралы әкімдер әзірге жақ ашпай отыр.