Ұлттық банк Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валютаға қатысты түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валютаға қатысты түсінік берді

Ұлттық банк Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валютаға қатысты түсінік берді

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес.

  • 13 Қараша 2015
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Астана» арнасы жолдаған сауалға еліміздің Ұлттық банкі ресми жауап қатты.

«Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес», – делінген жауапта.


Еске сала кетейік, жақында Ресей тарапы ортақ валюта мәселесі талқыланғанын, оның еураз аталуы мүмкін екенін айтқан болатын.