Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар қайта жаңғырту 2016 жылғы тамызда аяқталатыны туралы уағдаласты. Сондай-ақ ұзындығы 154 шақырымды құрайтын Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай автожолын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның құны — 46 млрд теңге.
4,2 млрд. теңге жалпы ұзындығы 156 шақырым республикалық маңызы бар жол учаскесін орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалды.
Жергілікті билік жолды сапалы ұстауға арналған жол-құрылыс техникасын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауға міндеттеме алды, деп атап өтті әкім баспасөз қызметінен.