Келер жылы "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келер жылы "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады

Келер жылы "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады

  • 13 Қараша 2015
  • 1359
Фото - Caravan.kz

Ал өмір сүру ұзақтығы 3,5 жылға артты. Бұл – 2010 жылы қолға алынған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Жоба аясында 28 науқастың жүрегі алмастырылды. Осы шаралардың нәтижесінде еліміз жүрекке операция жасаудан әлем бойынша 22-орынға табан тіреді. Бұған қоса бүйрек, бауыр ауыстыру сынды күрделі ем-шаралар да атқарылып келеді. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Дәрігерлердің біліктілік деңгейі төмен. Кадр тапшылығы әлі де толық шешімін таппаған. Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басқарма төрағасы Қадыр Омаров осындай пікірде. Бұл олқылықты жою үшін бағдарлама аясында 92 мың кадр дайындалып, 800 дәрігер шетелде оқып келді. Алайда сала мамандарының жалақысы мардымсыз. Бұл мәселе келер жылы іске асырылатын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында шешімін таппақ.


Қадыр Омаров, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басқарма төрағасы:

— Әр адамның көңілін таба алмайсыз. Бізді де, бағдарламаны да сынайды. Жетіспеген тұстары бар шығар. Біз бәрін білеміз. Сол жетіспейтін мәселелерді біз 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық бағдарламасына кіргізіп отырмыз. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру «Саламатты Қазақстанда» болмаған еді. Оны біз осы бағдарламаға кіргізейін деп отырмыз.