Алматылық келіншек мүгедек әпкесін буындырып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық келіншек мүгедек әпкесін буындырып өлтірген

Алматылық келіншек мүгедек әпкесін буындырып өлтірген

Алматыда мүгедек әпкесін буындырып өлтірген келіншек 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Бауыржан Ахметов хабарлады. 

  • 16 Қараша 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz


Л.Яшкина Л.Алексеева есімді мүгедек әпкесімен бірге тұрған. Әпкесі өздігінен қозғала алмайды екен. Түн ішінде ауруы жанын жеген кезде әпкесі қатты айқайға басады екен. Ұйқысынан маза кеткен келіншек 15 маусымда өзінің туған әпкесін қос қолымен буындырып өлтірген. 
Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен Л.Яшкина ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды. 
Ол жазасын қатаң режімдегі түзету колониясында өтейтін болды. 
Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.