Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Кострома қаласында аталған факт бойынша қылмыстық іс 1997 жылдың желтоқсанында қозғалған.
Белгілі болғандай, қылмыстық іске 59 жастағы Алматы облысы тұрғынының қатысы бар. Оған ағымдағы жылы халықаралық дәрежеде іздеу жарияланды.
Аймақ полицейлері іздеуде жүрген адам Ескелді ауданындағы кенттердің бірінде екенін анықтады. Ресейлік полицейлерге күдіктінің ұсталғаны жөнінде хабарланды.