Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлап, 4 көлікті зақымдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлап, 4 көлікті зақымдады

Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлап, 4 көлікті зақымдады

Алматыда қардың қалың түсуінен 12 ағаш құлаған.

  • 16 Қараша 2015
  • 599
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

«Қалада 12 ағаш құлап, 20 бұтақ сынған. Құлаған ағаштар 4 көлікті зақымдады. Бұл ағаштар аула ішінде өсіп тұрғандықтан, олардың апатты жағдайына ПИК пен үй иелері жауапты», — деді басқармадан.

Айта кету керек, 15 қараша күні кешкі 19:30-да Алматыда жауын жауып, арты қарға ұласты. Таулы аймақтарда 35 см қалыңдықта қар жауса, қалада 10-13 см-ге жетті. Абай көшесінен оңтүстікке қарай жолда құмды-хлоридті қосынды төселді. Таулы аймақтардан 280 текше метр көлемінде қар сыртқа шығарылды. Түнгі қар тазалауға 292 тазалағыш, оның ішінде 92 құм сепкіш техника, 410 адам жұмылдырылды.