Еуразиялық экономикалық конгресс Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық экономикалық конгресс Мәскеуде өтеді

Еуразиялық экономикалық конгресс Мәскеуде өтеді

ІІ Еуразиялық экономикалық конгресс Мәскеуде 1 желтоқсанда өтеді, деп хабарлады БЕЛТА шараны ұйымдастырған Еуразиялық коммуникациялық орталықта.

  • 17 Қараша 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz

Конгресс іскерлік қауымдастықтың, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік билік органдары және бұқаралық ақпарат құралдарының тікелей диалог алаңы болады.

Оның негізгі мақсаты — еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері мен практикалық аспектілерін талқылау. ІІ Еуразиялық экономикалық конгрестің күн тәртібінде Еуразиялық экономикалық одақ жұмыстарының бірінші жылының қорытындыларын шығару, ЕАЭО дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру, ЕАЭО Кеден кодексін талқылау, инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту, сауда мен капитал нарығын дамыту, ЕО, араб елдерімен, Қытай және Үндістанмен ынтымақтастық мәселелерін талқылау тұр. 
Шараға Еуразиялық экономикалық комиссия министрлері, ЕАЭО елдерінің, сондай-ақ Мысыр, Үндістан, басқа да мемлекеттердің өкілдері қатысады деп күтілуде.