Қырғызстан Премьері: «Боинг 737» ұшағы апатынан опат болғандар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Премьері: «Боинг 737» ұшағы апатынан опат болғандар жоқ

Қырғызстан Премьері: «Боинг 737» ұшағы апатынан опат болғандар жоқ

Ош әуежайында авиалайнердің апатты жағдайда қонуына қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлады жергілікті БАҚ Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • 23 Қараша 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz

Ауа райының қолайсыздығынан экипаж ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыра алған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Оның қанаты мен дөңгелегі істен шыққан. Ұшақ бортында барлығы 159 адам болған. 

Еске салайық, 22 қарашада Красноярск-Ош бағыты бойынша AVJ 768 рейсін орындаған «Авиа Трафик» әуе компаниясының «Боинг 737» ұшағының апатты қонуы кезінде алты адам зардап шекті: аяғы ауыр әйел мен төрт жолаушы, сондай-ақ бір ұшқыш аурухана жеткізілді.
Шұғыл шақырылған кеңес кезінде ел премьер-министрі Темір Сариев төтенше жағдайды тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құруды тапсырды. 
«Ош қаласындағы оқыс оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларға өтемақы төленеді», — деді Т.Сариев.