Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады

Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады

Үкімет жекешелендірілетін «ТОП-65» компанияның тізімін жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

  • 23 Қараша 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Жекешелендірудің екінші толқынына жаңа серпін беру үшін Үкімет 65 ірі компанияның тізімін жасады. Аталған компаниялар 2014 жылы үкімет бекіткен 853 нысан тізімін толықтырады», — деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, ТОП-65  компанияға бағалау жүргізу және жекешелендірілетін нысандар мәмілелеріне көмектесу  үшін халықаралық консультанттар тартылатын болады.

«Әрбір мұндай ірі нысан бойынша жұмыстар жеке жүргізіледі және  Үкімет жанындағы жобалық кеңсе тарабынан бақылауға алынады», — деді министр.