Полиция қызметкері жолда мас әйелді қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкері жолда мас әйелді қағып кетті

Полиция қызметкері жолда мас әйелді қағып кетті

Башқұртстан Республикасы бойынша ІІМ-нің басшылығы полиция қызметкерінің жол-көлік апатына қатыстылығы туралы іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр,

  • 24 Қараша 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

деп жазады ресейлік БАҚ Башқұртстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ресей ІІМ-нің Аургазинский ауданы бойынша бөлімінің кезекшісіне жол апаты туралы хабарлама 23 қараша күні таңертең түскен.

Тергеу мәліметтерінше, полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан «Лада» көлігі мас күйдегі 60 жастағы әйелді қағып кеткен.

Зардап шеккен әйел орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.


Өткізілген медициналық куәландыру қорытындылары бойынша, көлік жүргізушісінің алкоголь ішімдіктерін ішпегені анықталды.

Башқұртстан Республикасы бойынша ІІМ-нің басшылығы жол-көлік апатының барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындады. Тәртіп сақшысының кінәсі орнатылған жағдайда, ол қазіргі заңнамаға сәйкес жазасын өтейді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.