«Шет мемлекеттердің, халықаралық байқаушылардың байқаушылары үшін сауалнама мәтіні бекітілді. Келесі тармақ: 2016 жылдың 14 наурызында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді аяқтау. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне сайлау кезінде аудармашының жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде бір аудармашы ілесіп жүре алады», — деді қаулы мәтінін таныстырған ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Шетелдік БАҚ өкілі ҚР Сыртқы істер министрлігі берген аккредитациялық куәлігі болған кезде сайлауға байқау жүргізе алады.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтар күні ҚР Президенті Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.