«Алматы - Сеул» рейсінің жолаушысы ірі көлемде жарияланбаған ақшамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы - Сеул» рейсінің жолаушысы ірі көлемде жарияланбаған ақшамен ұсталды

«Алматы - Сеул» рейсінің жолаушысы ірі көлемде жарияланбаған ақшамен ұсталды

Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Алматы - Сеул» бағытымен ұшқалы тұрған КС 909 әуе рейсін тексеру барысында «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекарашыларына 40 жастағы қазақстандық азаматшаны ұстауға тура келді.

  • 15 Ақпан 2016
  • 219
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл азаматшаны ұстауға себеп болған нәрсе — оның қол сөмкесінен табылған жарияланымсыз 17 700 АҚШ доллары болды. Табылған ақшаға акт жасалынып, иесімен бірге Алматы қаласының кедендік бөліміне тапсырылды. Тексеру әрі қарай жалғасуда.