Павлодарда өрт кезінде үш адам қаза болды, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
"Өрт бүгін ертеңгілік сағат алтыда болған. Өртті сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды», делінген дүйсенбіде таралған ақпаратта.
Өрттің себептері, кімдердің қаза болғандығы анықталуда.
Өрт бір жарым сағаттан соң сөндірілді. Өртті сөндіруге 27 адам қатысты, техниканың жеті бірлігі пайдаланылды.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, өрттің алаңы 100 шаршы метрге жеткен.