14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылды

14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Алматыда 14 көлікті қиратқан трамвай жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Ақпан 2016
  • 255
Фото - Caravan.kz

Әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Г.Тұрсынованы ҚР ӘқК 610-бабы, 2-бөлімі бойынша айыпты деп тапты.

Іс материалдарына сәйкес былтыр КТ-4D трамвайын тізгіндеген айыпталушы Мақатаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 14 көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көліктер жаншылғанмен, адам денсаулығына зақым келмеген. Осыны есепке ала отырып, сот келіншекті 9 айға трамвай жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.