«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almaty сауда орталығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетін аралады», — делінген таратылған ақпаратта.
Гипермаркетте 450 қызметкер еңбек етіп жатыр. 8 мың шаршы метр аумақта 500-ге тарта отандық компанияның өнімдері қойылмақ.
Қазақстанда Carrefour гипермаркетін аталған брендтің Орталық Азия, Африка және Таяу Шығыстың 38 еліндегі франшизаларының иегері Majid Al Futtaim компаниясы құрды.
Сондай-ақ, 2018 жылы Алматыда белгілі бренд Leroy Merlin гипермаркеті, McDonalds ресторан желісі ашылады. Жақында Starbucks кофехана желісі келушілерді қабылдай бастады.
Алматыда халықаралық брендтердің ашылуы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жобасын жүзеге асыру жолындағы бизнесті жүргізуді жеңілдету жұмыстарының аясында мүмкін болып отыр.
Айта кету керек, бүгін Н.Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес өткізбек.