Үшарал қаласында аэропорт құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшарал қаласында аэропорт құрылысы басталады

Үшарал қаласында аэропорт құрылысы басталады

Алматы облысында туризм саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Алакөл, Балқаш және Қапшағай көлдерінің жағалауын дамытудың егжей-тегжей орналастыру жоспары әзірленді. Биылғы жылы Үшарал қаласында аэропорт құрылысы басталмақ. Осы мақсатқа 1 млрд. теңге қаражат бөлінді.

  • 17 Ақпан 2016
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде өткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс халқымен өткізген есептік кездесуі барысында белгі болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысының есебінен белгілі болғанындай Алакөл бойындағы демалыс орындарына электр желілерін тарту жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 23,8 шақырым болатын автомобиль жолын қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылы бітеді.

Туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында Ақши ауылынан соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар орнатылған және реанимобилі бар жаңа дәрігерлік амбулатория салынатын болады. Одан бөлек үш заманауи үлгідегі қонақжай кешендері іске асырылмақ. Олар: «AQUAMARINE resort», «Falcon Petroleum», ЖК «Каримов».