Алматы облысында 1 млн 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 1 млн 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысында 1 млн 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Алматы облысында 1 млн 136 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша - 64,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы халық алдында есепті кездесуі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

  • 17 Ақпан 2016
  • 421
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жас отбасылар үшін екі жалдамалы пәтер, кезектегілерге 41 жалдамалы пәтер, 4 кредиттік, 34 коммуналдық үй пайдалануға берілді.

Өз баяндамасында өңір басшысы А. Баталов атап өткендей, ағымдағы жылы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп 20 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй, 36,7 мың шаршы метр кредиттік, 21,3 мың шаршы метр «Самұрық-Қазынаның» қатысуымен тұрғын үйлер салу мәселесі пысықталуда. 7,8 млрд теңге инженерлік желілер тартуға бөлінеді.

Сондай-ақ 9 тұрғын үй кешені  бойынша 2590 үлескерлердің (95,7 пайыз) проблемалары шешілгені атап өтіледі, «Өмірұзақ» ТК мәселелерін (116 үлескер)  бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.