Еуропа Кубогында ШҚО өрт сөндірушісі жүлделі орынға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа Кубогында ШҚО өрт сөндірушісі жүлделі орынға ие болды

Еуропа Кубогында ШҚО өрт сөндірушісі жүлделі орынға ие болды

Серебрянск қаласындағы №19 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дмитрий Бармашов Франция, Италия және Австриядағы  фристайл бойынша могулдан Еуропа Кубогына қатысты.

  • 19 Ақпан 2016
  • 251
Фото - Caravan.kz


Спорттық жарыстар шамамен бір айға дейін созылды. Әр кезең 200 метр мен 2 трамплиннен тұрды. Мұнда спортшылардың жүру және секіру техникасы, жылдамдығы бағаланды

Жеке могулда Дмитрий Бармашов екінші, жұптық могулда бірінші орынға ие болды.  Алдағы уақытта Еуропа Кубогы  Санкт-Петербор, Финляндия және Швецияда жалғасады.  Дмитрий Бармашов оларға да қатысады, деп хабарлады ведомствода.
null