ОҚО-да 6 жастағы жоғалып кеткен бала іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 6 жастағы жоғалып кеткен бала іздестірілуде

ОҚО-да 6 жастағы жоғалып кеткен бала іздестірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы ішкі істер басқармасы 2009 жылы 5 тамызда туған, Ордабасы ауданының Амангелді ауылында Серпіліс көшесі, №4 үйде тұратын Мұхаммед Қазыбекұлы Қамшыбекті іздестіруде, деп хабарлады otyrar.kz порталы.

  • 22 Ақпан 2016
  • 432
Фото - Caravan.kz

20 ақпанда, шамамен 12 сағат 30 минутта Ғ.Мұраnбаев атындағы жалпы орта мектептің 1-сынып оқушысы Мұхаммед Қазыбекұлы Қамшыбек мектептегі сабақтан шыққан соң үйіне оралмаған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында, 20 ақпанда шамамен 12 сағат 30 минутта мектептен қайтып келе жатқан баланы бұрын ешкімге таныс емес, азиялық ұлтынан, 50-55 жастардағы, бойы 160 см-ға жуық, шашы ашық түсті, толық келген, қара күртеше киген, басында қоңыр  түсті тоқымалы малақайы бар белгісіз  әйел өзімен ертіп әкеткен.  

Мұхаммед Қамшыбектің белгілері мен киімдері, шамамен 6-7 жастар шамасында, ақсары, денесі арықша, ашық-қоңыр күртеше, қара шалбар, қара бәтіңке киген, «өрмекші адамның» суреті салынған көк түсті сөмкесі бар.  Мұхаммед Қамшыбек жөнінде қандай да бір ақпарат болса, полицияға, 102 телефонына, сондай-ақ


8-725-302-14-13 (қалалық . тел.),
8-701-716-64-64,
8-705-869-99-99,
8-777-186-22-88 нөмірлеріне хабарлауды өтінеміз.