KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 351,63 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 351,63 теңге

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 351,63 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызмет

  • 22 Ақпан 2016
  • 249
Фото - Caravan.kz


Бүгін Ресей Федерациясында 22 ақпанда мереке күні болғандықтан RUBKZT_TOD құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 351,63 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 79 400 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 351,77 теңгені (-3,68) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 210 450 мың USD (+42 000 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1500 тенге (жылдық (жылдық 15,32 %), сауда-саттық көлемі 264 700 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.