Алматылық кәсіпкер баспанаға мұқтаж жанұяға 4 бөлмелі пәтер алып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық кәсіпкер баспанаға мұқтаж жанұяға 4 бөлмелі пәтер алып берді

Алматылық кәсіпкер баспанаға мұқтаж жанұяға 4 бөлмелі пәтер алып берді

Алматылық кәсіпкер шымкенттік Елеуовтер жанұясына 4 бөлмелі сатып алып берді. Бұл отбасындағы бес баланың үшеуі церебральді салдану дертімен зардап шегеді. Бірінші наурызда жанұя қоныс тойын тойлайтын болды, деп хабарлады otyrar.kz порталынан.   

  • 23 Ақпан 2016
  • 263
Фото - Caravan.kz

Екі жыл бұрын Елеуовтер жанұясы Қазығұрт ауданынан  Шымкентке көшкен. Қалада сапалы медициналық көмек алатынына үміттенген.  Алайда олар үшін қалада өмір сүру қиын болды. Ақшаның көп бөлігі азық-түлік пен жалдамалы пәтер төлеміне кетіп отырды.

Отағасы Әлихан Елеуов өздігінше жүре алмайтын науқас балаларын тәрбиелеуді қолға алды. Сондықтан ол жұмыстан шығуға мәжбүр болды.

Жанұяның бастан-кешкені жазылған, оларға көмек көрсетуге үндеген материал жарияланған соң қазақстандықтар қарап қалмады. Біреулер ақша берсе, енді біреулері азық-түлік беріп жәрдемдесті. Ал алматылық кәсіпкер жанұяға пәтер сатып әперуді ұсынды.