Маңғыстауда Қаламқас кен орнында төтенше оқиға орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда Қаламқас кен орнында төтенше оқиға орын алды

Маңғыстауда Қаламқас кен орнында төтенше оқиға орын алды

Қаламқас кен орнында болған апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорн

  • 23 Ақпан 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz


«Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат таңертеңгі 6-да Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кен орнының №5759 ұңғымасында төтенше оқиға орын алды. 

Газ-су пайда болу салдарынан ағын 5 метрге дейін жетті. ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының жедел атқыламаға қарсы тобынан 14 кәсіби құтқарушы құрамы ақпаратты алған сәтте бірден апатты жою үшін оқиға орнына аттанды», — делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, апат орнына келген құтқарушылар ұңғыма ернеуіне дейінгі жерді газоаналитикалық аппаратурасымен зерттеді, сағаны тазартып, ұңғыма маңындағы үйіндіні бульдозермен тазалады.