Мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мемлекеттен субсидия алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мемлекеттен субсидия алады

Мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мемлекеттен субсидия алады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мемлекеттен субсидия алады. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті. &nb

  • 23 Ақпан 2016
  • 274
Фото - Caravan.kz


«Жаңа заң жобасында халықтың ең әлжуаз топтары — мүгедектерді жұмыспен қамту туралы нормалар енгізілді. Біз кәсіпорындарға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін 2-4 пайызға дейін квота белгілеген болатынбыз. Бұл ретте, есту, көру қабілетінен айырылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін кәсіпорындарда арнайы жұмыс орындары құрылып, арнайы құрал-жабдықтармен жарақталған болуы шарт. Егер жұмыс беруші осы жағдайларды реттеп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдайтын болса, олардың шығындары мемлекет тарапынан субсидияланады», — деді вице-министр. 

Оның айтуынша, ондай арнайы жұмыс орындарының мерзімі 12 айдан кем болмауы керек. Бұл — мемлекеттен субсидия күтетін кәсіпорындарға қойылатын негізгі шарт.