Алматыда қала тұрғындарының табысы 2015 жылы 3 пайызға өсті - Б. Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қала тұрғындарының табысы 2015 жылы 3 пайызға өсті - Б. Байбек

Алматыда қала тұрғындарының табысы 2015 жылы 3 пайызға өсті - Б. Байбек

Алматыда қала тұрғындарының табысы 3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда қала тұрғындарымен есептік кезедсу барысыда қала басшысы Бауыржан Байбек мәлім етті.

  • 24 Ақпан 2016
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Алматыда қала тұрғындарының табысы 3 пайызға өсті. Жұмыссыздық 0,2 пайызға қысқарды. 2015 жылы қалада жаңадан 29 000 жұмыс орны ашылды. 260 000-нан астам жұмыс орны сақталып қалды. Сонымен қатар, өткен жылы бір млрд. теңгеге 4300 жұмысшы алдында жалақы бойынша қарыздар өтелді. Ал биылдың өзінде 8 кәсіпорын бойынша 69 млн. теңгеге 4775 жұмысшы алдындағы жалақы бойынша қарыз өтелді. Біз алдағы  уақытта да жалақы бойынша қарыздары бар кәсіпорындарға барынша көмектесетін боламыз. Бұл тұрғыда олар жаңа мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етілетін болады», — деді Б. Байбек.   

Сонымен қатар қала басшысы Алматыда шағын және орта бизнес қарқынды түрде дамып жатқандығын жеткізді.


«Алматыда 2015 жылы жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4,7 пайызға өсіп, 185 185 бірлікті құрады. Бұл салада бүгінгі таңда 584,6 мың адам жұмыс істейді. Бұл қала халқының 66 пайызын құрайды. Шағын бизнесті несиелеу — 25,6 пайызға өсіп, 712,4 млрд. теңгеге жетті. 2015 жылы қалада 3 базар жаңартылып, 9 базарда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ауданы 20,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 ірі сауда орталығы ашылды», — деді Б. Байбек.