«Сотталған (бопсалаушылық үшін 4 жылдық мерзімге) күйеуімен кездесуге келген келіншек әкелген «ФудМастер» айран қорабы ішінен сәлемдемелерді тексеру бөлмесінде қарау кезінде қызметкерлер төрт полиэтилен орама тапты. Онда салмағы шамамен 135 граммдық марихуана болған», — деп хабарлады облыстық ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Смағұлов.
«Әйелді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін тиісті материалдар жиналды», — деп нақтылай кетті ол.