Жақын күндері ауа райы күрт құбылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын күндері ауа райы күрт құбылады

Жақын күндері ауа райы күрт құбылады

Жақын күндері ауа райын болжаушы мамандар күн райы күрт құбылады деп отыр. Кейбір аймақта тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады. Соның салдарынан көктайғақ болады. Ал солтүстік облыстарда жүйткіген желдің екпіні секундына 15-23 метрге жетуі мүмкін. Ал Астанада ауа райы әзірге жауын-шашынсыз болады. Түнде -2-4 градусты көрсетсе, күндіз +2+4 градус жылы болды.

  • 24 Ақпан 2016
  • 443
Фото - Caravan.kz

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

— 26 ақпан күні Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14 метр секундқа жетеді. Түнде -3-5, күндіз +3+5 градус болады. 27 ақпан күні Астанада күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады.