KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 345,27 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 345,27 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 345,27 теңге

Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызмет

  • 4 Наурыз 2016
  • 267
Фото - Caravan.kz


Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 15 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 345,27 теңгені (-0,38 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 34 600 мың (-17 250 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 53,0700 теңгені, сауда-саттық ұсыным — бір юаньге 53,1000 теңгені құрады. 

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.