Айдын Айымбетов бөгдепланеталықтарға сенетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдын Айымбетов бөгдепланеталықтарға сенетінін айтты

Айдын Айымбетов бөгдепланеталықтарға сенетінін айтты

Бүгін Алматыда Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессор-оқытушы құрамымен кездескен болатын.

  • 4 Наурыз 2016
  • 396
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Айдын Ақанұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қызықты сұрақтардың бірі басқа ғаламшарлықтар туралы болды. 

«Менің жеке пікірім: біз бұл ғаламда жалғыз емеспіз. Мен бәрібір басқа ғаламшарлықтардың бар екендігіне және бір уақыттарда олармен кездесетіндігімізге сенемін», — деді ол.

Ал «Ғарышта анықталмаған, ұшып жүретін нысанды көрдіңіз бе?» деген сұраққа ол қалжыңдап: «Ғарышкерлер ұшу алдында құпияларды жарияламау туралы құжатқа қол қояды», — деп жауап берді.   

Айта кетелік, кездесу барысында жоғары оқу орнының басшылығы А. Айымбетовты университеттің құрылымы, сондай-ақ, роботтық техника, радиохабар, авиация және басқа да салалардағы жетістіктер және жаңа зерттемелермен таныстырды. 


Әсіресе, Айдын Ақанұлын роботтық техникалар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар қызықтырды.