Түркі академиясы халықаралық ұйымы Гази университеті, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қолдауымен ұйымдастырған айтулы жиынға Қазақстан мен Түркияның мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркі әлемінің көрнекті шығыстанушы ғалымдары мен халықаралық ұйым жетекшілері қатысты.
Конференцияның ашылу салтанатын Түркология зерттеу орталығының басшысы Хүлия Касапоғлұ, Гази университеті ректорының орынбасары Сервет Карабағы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз және Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау сөздерімен ашты.
Түркі академиясы халықаралық ұйымының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан, Түркия, Қырғызстаннан келген ғалымдар жалпы 3 секция бойынша Әлихан Бөкейхан және Түркі әлеміне қатысты баяндамалар оқиды деп күтілуде.




