Тайланд астанасында шағын кемедегі жарылыстан 58 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайланд астанасында шағын кемедегі жарылыстан 58 адам зардап шекті

Тайланд астанасында шағын кемедегі жарылыстан 58 адам зардап шекті

Бангкокта жолаушылар қайығындағы қозғалтқыштың жарылуы салдарынан 58 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

  • 5 Наурыз 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, су көлігінде шамамен 70 адам болған. Жолаушылар таситын шағын кеме айлақта тұрғанда жарылған. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, екеуінің жағдайы ауыр.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа сұйық газбен жұмыс істеген қозғалтқыштың ақауы себепші болған. 

Еске сала кетсек, Бангкокта су арналар жүйесі бар.  Онда жолаушыларды тасымалдайтын қайықтар жүреді.