Қазақстанда таяу күндері мамыр айындағы жылу орнайды деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда таяу күндері мамыр айындағы жылу орнайды деп күтілуде

Қазақстанда таяу күндері мамыр айындағы жылу орнайды деп күтілуде

Қазақстанда оңтүстікте наурыздың 5-7 аралығында мамыр айындағы жылу орнайды деп күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет".

  • 5 Наурыз 2016
  • 505
Фото - Caravan.kz

"Батыс Сібірдің солтүстік аумағындағы суық антициклон оңтүстік-шығысқа ығысып, ол Сібірдің ғана емес, Қазақстанның да ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты республикамыздың басым аумағында жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы төмендейді",-делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында күндізгі ауа температурасы —3 және +5 аралығында болса, 7 наурызда ол минус 5-13 градусқа дейін төмендейді.


"Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы көтеріліп, 7 наурыздан төмендей бастайды", — деп көрсетілген хабарламада.

Ал еліміздің оңтүстігіне Ираннан келген жылы ауа массалары ығысып, ауа температурасы мамыр айындағы көрсеткіштерге дейін жетеді. Тек батыс өңірге атмосфералық фронттар ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынды, алабұлтты болып, тұман түседі деген болжам бар.